Қалалық музейде Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астананың 25 жылдығына арналған «Елорда - елімнің жүрегі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Аталған іс – шараларға қала мектептері жанындағы лагерьлердің балалары қатысты. Көрме материалдары негізінде музей қызметкерлері бас қаламыздың қазіргі маңызды жетістіктерін айта отырып, келушілерді Астананың шежіресімен, елордадағы архитектуралық құрылыс кешендері, сәулет өнерінің бірегей туындыларымен таныстырды. Іс шараның сонында елорда тарихына қатысты сұрақтар қойылып, сөзжұмбақтар ойнатылды.