Жылдық жоспарда белгіленген «Дара тұлғалы адам: Х. Бижанов» тарих сағаты болып өтті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының Ресей империясының қоғамдық-экономикалық қатынастар жүйесінің талабына сай трансформациялануының басында көптеген озық ойлы ұлт өкілдері тұрды. Олардың қатарында Тоқырауын-Балқаш өңірі қазақтарының арасынан шыққан тұңғыш дәрігер, кәсіпкерлік пен балық шарушылығын алғаш болып ұйымдастырып,екі жылдық ауыл мектебін ашқын Хасен Бижановтың есімі ерекше аталуға тұрарлық. Шараға қатысушылар Х.Бижановтың осы және басқа да қырлары жайлы қызықты деректермен танысты.