22 маусымда «Жас археолог» үйірмесінің мүшелері музейдің археология залына жиналып, биылғы оқу жылының маусымын жапты. «Ұлы Дала елінің мәдени образдарын жаңғырту» тақырыбында ежелгі замандардағы торевтиканың – бедерлеу, гравюра, бедерлеу және құю әдістері жайлы мәліметтермен танысып, қорғасынды ерітіп қалыптарға құю арқылы металл бұйымдарын(жебенің ұшы, әшекейлі тоғалар) жасау әдісін қайталады.