«Тас құралдарды іздеп тап!» квест – ойыны қазіргі кезде оқушы балалар арасындағы ең көп тараған квест-технологиясы арқылы күрделі тарихи деректерді тарихты танып білуге үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Шараға қатысқан Әль-Фараби атындағы орта мектебінің жанындағы жазғы демалыс лагерінің оқушылары музейдің археологиялық залында ұйымдастырылған ретроспективті археологиялық қазба жұмысы барысында археологтар ролінде ойнап, тас құралдарды қазып алу процесін өз қолдарымен атқарды.