Медицина қызметкерлерінің күніне арналған «Біздің сүйікті дәрігерлер!» көрмесі музейдің қазіргі заман залында ашылды. Көрменің экспозициялық қатарынан орын алған деректік материалдар – БАҚ материалдарының қиындылары, жұмыс үстінде фотообьектив кадрларына түскен сан қырлы маман-дәрігерлер суреттері, қаламыздың атақты лор-дәрігері Ж. Шаяхметовтың операциялық аспаптары, гинеколог-дәрігер, қаланың Құрметті азаматы Жеңіс Тоқашқызы Тоқашеваның және басқа да дәрігерлердің мадақтама қағаздары, алғашқы қадамы 1932 – жылы көл жағалауындағы алғашқы құрылысшылардың Жұмысшылар кентінің №69 жертөлесіне орналасқан ауруханасынан басталатын Балқаш қаласының денсаулық сақтау саласының 90 жылдан астам тарихын көпшілікке жеткізеді. Көрменің ашылуына мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерлерінің оқушылары қатысты.