Маусымның 9 жұлдызынан бастап музейде «Қазына кеуде қария» тарихшы, ТМӨЗ еңбек ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Каукербеков Совет Кәукербекұлының өмірі мен еңбек жолына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Совет Кәукербекұлының жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер, мадақтамалары, өзі еңбек еткен ТМӨЗ қызметкерлерінің құттықтау хаттары, және Кеңес Одағы кезеңінде ірі өндіріс алыбына айналған кен металлургия комбинатының, Балқаш қаласының құрылысы мен дамуына арналған «Прокатчики Балхаша», «Металлурги Балхаша», «Мой город Балхаш», «Гордость балхашцев» кітаптары қойылды. Көрмеге осы кітаптарды жарыққа шығару барысында жинақталып, қағазға түсіріліп көшірмесі жасалған тарихи деректер мен зерттеулері , тарихи очерктерінің сигналдық даналары да орын алды.