Сәбитова Зылиха Нығметқызы (1923-1994) Астрахань қаласында туған. Мәскеу қаласында түрлі-түсті металдар институтын бітіріп, 1948 жылы жолдама бойынша Балқаш қаласына жұмысқа келеді. Ол 1948-1957 жылдары Түсті металлдар өңдеу заводының №1 цехында технолог, цех бастығының орынбасары болып істейді. Ол қатарынан екі рет (1950, 1954 жж) КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. З.Сәбитованың депутаттық сұрақтары Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларының құрылысының тез жүруіне оң ықпал етті. З. Сабитованың ұсынысымен 1951жылы осы қалаларда көп қабатты тұрғын үйлер, мәдениет орталықтары, ауруханалар және көкөністер сақтайтын қоймалар салу туралы шешім қабылданды. Балқаш қаласындағы металлургтердің Мәдениет Сарайының, тұрғын үйлер мен дүкендердің, ауруханалардың салынуына қаражат бөлінуіне көп көңіл бөліп, құрылыстың барысын өз назарында ұстады.Балқаш қаласындағы №1 ықшам ауданға З.Н. Сәбитованың аты берілді.