Қалалық музейде 2 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс - шаралар аясында музейде "Тарихтан туған нышандар" көрмесі ұйымдастырылды. Көрме материалдарымен танысып, мектеп тәрбиеленушілері мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы, авторлары, мағыналық мазмұны және әрбір азаматтың өміріндегі жоғары маңыздылығы туралы ақпарат алды, қоғамның шоғырлануын нығайтудағы мемлекеттілік атрибуттарының рөлі ашылды. Мемлекеттіліктің атрибуттары: Ту, Елтаңба, Гимнді зерделеу, насихаттау және танымал ету, олардың мәні мен маңызын түсіндіру қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.