31 мамыр Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі темекі тартуға қарсы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Темекіні конфетке айырбастаймын» акциясын өткізді. Музей қызметкерлері қала көшелерінің ортасында кездескен қала тұрғындарына «бір сигарет – бір темекі» курсы бойынша айырбастауды ұсынды. Қала тұрғындарының бұл ұсынысқа деген реакциясы да әртүрлі болды: көпшілігі темекіні тастауға деген ниеттері бар екенін айтып айырбасқа келіссе, кейбірлері әлі де темекіден бас тартуға дайын емес екендіктерін мойындады. Акция барысында анықталып, көңіл қуантқаны: қалалықтар арасында темекіні мүлде тартпайтын адамдар саны көпшілік болып шықты.