27 мамырдан бастап Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қалалық музейде көрмелер мен тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылып, өткізілуде. Мектеп оқушылары сталиндік лагерьлер жүйесі туралы және Қарлагтың 1930-1950-ші жылдары қала территориясында орналасқан №20 – ші Балқашлаг бөлімі немесе Бертіс лагері туралы көптеген мәліметтер алды. Сондай-ақ экскурсанттар Қиыр Шығыстан қоныс аударған корейлер туралы материалдар негізінде мәлімет берілді. Сонымен қатар, қамауда болған жапондық әскери тұтқындарға арналған №37 лагерь бөлімі туралы да ақпарат алды. Барлық осы күндері ұйымдастырылған шаралар саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу, тарихтың қасіретті беттерінен сыр шертетін оқиға.