70 жылдан аса созылған тарихында Кеңес халқы Кеңестер елінің тарихындағы ең қасіретті жылдардың шындығын білмей келді деп айтуға болады. Ал осы қанды қырғынның азабын көрген көзі тірі куәгерлер бойда қалған қорқынышытың әсерінен ол туралы ашылып айта бермейтін. Тек өз ұлтының таңдаулы ұл-қыздары болғаны үшін, немесе, кеңестік тәртіпке болмашы қарсылықтары үшін миллиондаған жазықсыз жандар сталиндік репрессиялық машинаның табанына тапталды: атылды, көпшілігі тұтас отбастарымен жазаға ілігіп, жер аударылды, лагерлерге жабылды. Осы қанды жылдардың құрбандарын еске алу күні қарсаңында қалалық музейде өткізілген «Зұлмат жылдар зардабы» тарих сағатына қатысқан әль-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары саяси сүргін және жаппай аштық оқиғаларының тарихын тереңдете зерделеп, оның құрбандарын еске алды.