Ескерткіштер – тарихи оқиғаларды, еліміздің дамуына үлес қосқан адамдарды еске түсіретін тас немесе металлдан жасалған жай мүсіндер ғана емес. Бұл мүсіндерде сол замандардың қуанышы мен қорқынышы, үміті бейнеленген. Өткеннің ескерткіштеріне үңілген сайын біз осы алыс дәуірлерге ойша саяхаттап, қоғам өмірін жаңаша санамыздан өткізе аламыз. Саяси репрессиялар мен жаппай аштық құрбандарын еске алу күні қарсаңында қалалық музей 1931-1932 жылдардағы аштық құрбандардына айналып, қырғынға ұшыраған 50 мыңнан астам Тоқырауын-Балқаш өңірі қазақтарының сүйектері қалған Балқаш көлінің жағалауындағы Қарамұрын шоқысына орналасқан "Белгі" ескерткішіне Әль-Фараби атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен экскурсияға барып, қасіретіі жылдар тарихымен тереңірек танысумен бірге ескерткіш маңын қоқыстардан тазалап қайтты.