Халықаралық музейлер күніне арналып өткізілген «МузейLife» мерекелік калейдоскопының бағдарламасына енген «Қолөнер жәрмеңкесі», «Ұмытылған заттар әлемі» танымдық ретро-ойыны мен «Қыш ыдыстар әлемі», «Құрт дайындау» шеберлік сағаттары, «Төңкерілген бөлме» фотозонасы, «Ескі жиһазға жаңа өмір сыйлау» тақырыбындағы интерьер мен жиһаздық бұйымдардың көрме-инсталляциясы, «Есте қалған аббревиатуралар» сайысы және басқа да мерекелік танымдық-ойындық шаралар келушілер көңілінен шықты деп айта аламыз.