Балқаш – ерекше спорттық дәстүрі бар қала. Қала спортшылары КСРО кезеңінде әлем олимпиада чемпиондары болып, еліміздің спорттық даңқын асқақтатуға үлестерін қосса, тәуелсіздік алған жылдарыда осы дәстүрді жалғастырып, бокстан В.Жиров әуелі 1996- жылы Атланта олимпиадасында тәуелсіз Қазақстан үшін алғашқы алтын медальді жеңіп алып, ең шебер боксшыға берілетін «Баркер» кубогына ие болса, кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып, еліміз боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атағына ие болды.