Қазақ халқында туыстық атауларға қатысты қызықты жөн жоралғылар мен дәстүрлер өте көп. Туыстық ғұрыптар адамдардың туыстық сүйіспеншілігін арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайтумен бірге, барыс-келіс, алыс-берістерін жиілетуге ықпал етіп отырған. «Музеймен қайта жаңғыру» жобасының бүгінгі шығарылымында кейбір туыстық атаулар мен оларға байланысты жөн-жоралғылар туралы сөз қозғаймыз.