Қала көшелерінің атаулары да өз кезегінде қала тарихының әр кезеңдерінде болып өткен оқиғалардың дерек-куәгерлерінің қатарына жатады.Сондықтан да қала көшелерінің атаулары арқылы да қаланың, өлкенің және еліміздің тарихының атаулы беттерін танып білуге мүмкіндік аламыз. Музейде өткізілген «Қала көшелеріндегі есімдер» лекциясы да 1993 жылы тарихи – мәдени тұрғыдан моральдық ескіруіне байланысты аттары өзгертіліп, қайта аталған бұрынғы – М. Горький(бүгін - Қараменде би), А. Матросов(Ағыбай батыр), В.И. Чапаев(Ә. Бөкейханов), С.М. Киров(С. Сейфуллин) атындағы көшелердің тарихымен таныстыруға арналды. Лекцияға Әль-Фараби атындағы орта мектебінің 7 «Е» сынып оқушылары қатысты.