5 мамыр Мүгедектердің құқықтары үшін халықаралық күрес күніне арналған «Қол үшін берейік» кездесуі болып өтті. Кездесуге Балқаш -сервис колледжінің инклюзивті А - 22-2 тобының студенттері қатысып, Балқаш қаласында тұратын ұлттардың киім үлгілері қойылған көрме мен «Сиқырлы сандық» викторинасы бойынша әр ұлттардың киімдері мен қазақ халқының этнографиясы жайлы білімдерін ортаға салды. Шара барысында студенттер арнайы смайликтер мен қол бейнесіндегі жапсырмалар арқылы өздеріне арнап өткізілген шараға байланысты әрқайсысы ризалық көңіл-күйлерін білдірді.