Музей залындарында ҚР Отан қорғаушылары күніне арналған «Әскери қызмет ізімен» квест-ойыны болып өтті.

Сценариі төрт шартты «аялдамадан» тұрған шараға Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің 8 «Ә» кадет сыныбының оқушылары, кезінде Балқаш қаласында тұңғыш ашылған кадет сыныбының жетекшісі, бүгінде қаламыздағы үздік ұстаздардың бірі Талғат Егізбайұлы Ерімбетовтың жетекшілігімен қатысып, сапта жүру, атыс қаруларын жинау және алғашқы көмек көрсету сияқты жауынгерлерге қажетті бейімділіктерді көрсетумен қатар ҚР қарулы күштерінің тарихына байланысты қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді.