Бүгін, 3 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс күніне арналып, Балқаш қаласында өткізілген Қарағанды облыстық «Ардагерлер ән салады» хор ұжымдарының ХХХІІ фестиваліне орай М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Балқаштықтар Ұлы Отан соғысында» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалаған 500-ден аса ардагерлер өнер ұжымдарының мүшелері мен концертке ардагерлер әнін тыңдауға келген қалалықтар Кеңестік жауынгерлердің әскери киімдері мен әскери жабдықтары, майданнан жазған хаттары және т.б. көптеген экспонаттармен танысты.