Бүгін қалалық музейде Қазақстан халқы бірлігі күніне орыс, татар, украин, корей, шешен, өзбек, неміс халықтарының салт-дəстүрі мен мəдениетіне арналған «Көп ұлтты Балқаш» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің әр бөлімі қалада тұратын халықтар өкілдерінің салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне арналған. Музыкалық аспаптар мен қолөнер бұйымдары,құыршақтар және ыдыс-аяқтар,сондай-ақ, әрине, ұлттық киімдер олардың қызықты мәдениеті туралы сыр шертеді