Бөлігінің сол замандағы қазақ халқының көрнекті саяси қайраткерлерінің бірі Қараменде бидің бастап, Солтүстік Балқаш өңірінің батыс бөлігіне қоныс аударуымен өлкені мекендейтін Орта Жүз руларының саны түпкілікті тұрақтайды. 29 наурызда қалалық музейде Әл-Фараби атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен өткен «Солтүстік Балқаш өңірін мекендеген қазақ рулары» тақырыбындағы конференциясында өлкенің негізгі тұрғындары Қаракесек, Тобықты, Керей, Төлеңгіт рулары мен қатар басқа да рулар өкілдерінің тарихы жайлы музей қызметкерінің жетекшілігімен дайындалған 7 «Г» сыныбы оқушылары Санат Омар, Жалғас Серғалым,Болатбек Нурислам, Әмір Тұрарұлы, Абдуррахим Каркеновтар шағын баяндамалар жасады.