Тақырыбындағы кезекті сабағына «Жас археолог» үйірмесіне қатысатын Әль-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар қола заманы тайпаларының экономикалық өміріндегі жеке шаруашылық саласы ретінде пайда болған металлургияның даму деңгейі мен оның қоғамдық өмірге алып келген өзгерістері жайлы ақпараттар алуымен бірге нақты инсталляция ретінде қалпына келтірілген көне заман шеберханасында өз қолдарымен әшекейлер мен тұрмыстық заттарды құю әдісімен дайындады.