Мен қаласының тарихын зерттеуге қатыстырып, ғылыми іздестіру жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру мақсатында мектеп оқушыларынің ізденіс топтарының арасында өткізілген «Жас шежіреші-2023» сайысына қазақ және орыс лигаларына бөлінген 7 жас зерттеушілер топтары қатысты. Сайыстың тақырыптық бағыттары мен мазмұны биылғы - Қоңырат кен орнының ашылуына 95 жыл, алғашқы Балқаш мысының алынуына 85 жыл толуы сияқты тарихи оқиғалар мен Жидебай батыр, инженер-ғалым Е. Антоновский, дәрігер, АЛЖИР тұтқыны болған М.М. Қазбекова және суретші, қолөнер шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ө. Әбеуовтардың мерейтойлық жылдарына орай анықталып, ашылды. 4 кезеңнен тұрған сайыста қазақ лигасында Бас жүлдеге М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты, І орынға Әль-Фараби атындағы орта мектебі, ІІ орынға Абай атындағы №2 лицейі, ІІІ орынға С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының, ал орыс лигасында І орынға Ә. Ермеков атындағы мектеп-гимназиясының, ІІ орынға №10 орта мектебінің, ІІІ орынға №3 орта мектебінің топтары ие болды.