Балқаш қаласының көшелері мен саябақтарында орналасқан ескерткіштерге «Киелі мұрамызға тағзым» жаяу экскурсиясы ұйымдастырылды. Балқаш қаласы көшпелі қазақ өркениетінің отаны – Қазақ Даласының өндірістік елге ейналу тарихының ең айшықты беттерін оқып білуге болатын тарихи тағдыры ерекше қала. Қаланың көркем бейнесі тек сымдай тізілген түзу көшелердің бойына түзілген архитектуралық ғимараттардан ғана емес, көшелер мен саябақтардың сәнін кіргізіп тұрған монументальдық –скульптуралық ескерткіштерден де құралады. Осы ескерткіштер арқылы Балқаш қаласының даңқты тарихымен танысуға болады. Экскурсияға қатысқан оқушылар мен «Жас археолог» үйірмесінің мүшелері балқаш өндірісті қаласы тарихи жылнамасынаң алғашқы беттері жазылған Қарамұрын шоқысы айналасында орналасқан ескерткіштер мен 2022 жылы қалаға орнатылған Жидебай батыр ескерткішінің тарихымен танысты.