Қазақстан тарихының жаңа бетін ашқан тарихи тұлғалардың есімдері халық тағдырындағы аса маңызды - туған жер үшін күрес, сыртқы жауларға қарсы тұру, мемлекеттің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, елеулі саяси және мәдени жетістіктер сияқты бетбұрыстық оқиғалармен тығыз байланысты. Осындай қайраткерлердің қатарында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі, патша әскеріне қарсы күреске белсене қатысқан Амангелді Имановтың да есімі аталады. Сол себепті де батырдың туғанына орай өткізілген лекцияға қатысқан мектеп оқушыларына да оның ел азаттығы үшін күрескер ретіндегі тұлғасын ашатын деректер ұысынылды.