Өңірінің 1920-30 жылдардағы іске асырылған Кеңестік индустрияландыру саясатының нәтижесінде өндірістік өлкеге айналу тарихының басталуына 95 жыл толып отыр. 1928 жылы геолог М.П. Русаков экспедициясының Қоңырат кен орнына келіп түсуі осы тарихи жылнаманың алғашқы парағы болып саналады. «Солтүстік Балқаш өңірінің өндірістік игерілу тарихы» бейнежылнамасында геологтардың палаткалары мен қазақтың киіз үйлерінен, бұрғылау станоктарының Қоңырат кенінің қабаттарына бойлай енуінен басталып, күллі Кеңестер елінің ғылыми-өндірістік қуатын жұмылдырудың арқасында өлкенің Кеңестер елі мен қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның аса ірі түсті металлургия орталығына айналу тарихы фотосуреттердің хронологиялық жалғастығы қатарымен беріледі.