Тұңғыш қазақ инженерлерінің бірі ретінде кейіннен Кеңестік Қазақстанның аса ірі мемлекет және қоғам қайраткеріне айналған Д.А. Қонаевпен бірге Қоңырат кен орнын алғашқы игерушілердің қатарында болды. Ол Свердловск қаласындағы тау-кен институтын маркшейдер мамандығы бойынша қызыл дипломға бітіреді. Қызыл әскер қатарында Қиыр Шығыстағы Маньчжурияда Жапонияның Квантун армиясын талқандаған ұрыстарға да қатысқан.