Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш инженер-металлург Мәдина Бегалиеваның өмір жолына арналған «Өлкетану оқуының» кезекті «Инженер-металлург М.Бегалиева» тақырыбындағы сабағына қатысқан Әль-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары тек М. Бегалиеваның өмірі жолымен жете танысып қана қоймай, Балқаш мыс алыбы құрылысының қиындыққа толы барысы жайлы да көптеген мәліметтермен өз білім қорларын толықтыруға мүмкіндік алды.