Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Көңілді жарыстар сағаты» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізіліп, «Теңге алу», «Тақия тастамақ», «Көтермек» ойындары ойнатылды. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Ұлттық ойындарымыз балаларды тапқыр да алғыр, шымыр болуға бейімдейді. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.