Балқаштық журналистер арасында жалғыз болып «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағына ие болған Ж.Төлендиновтің туғанына 95 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған деректік материалдар Ж.Төлендинов басшылық жасаған Балқаш телестудиясының 20 жылға жуық тарихын көрсетеді. Балқаш өңірінің тумасы, бүкіл өмірі мен шығармашылық қызметі қаламызбен байланысты болған Ж.Төлендинов есімі балқаштықтар мақтан тұтатын жарқын тұлғалардың қатарына жатады.