Өйткені осы ғасырда қазақ халқы өзінің жауынгерлік - батырлық дәстүрін соңғы рет жаңғыртып, тәуелсіздігі үшін жанқиярлық соғыстарды бастан кешірді. Қазақ батырлары мен билерінің соңғы даңқты шоғыры да осы ғасырда болғаны белгілі. Олардың арасында Солтүстік Балқаш өңірінен шыққан батыр Жидебай Қожаназарұлы да болған еді. Батырдың туғанына 310 жыл толуына орай Әль-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары батырдың өмір жолымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды .