Сабаққа әл-Фараби атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты халқымыздың мәдениетіне, оның тарихына, әдебиетіне құрметпен қарауды дамыту болды. Оқушылар қазақтың бір туар ақыны, ойшылы, тарихшысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығымен танысты. Музей мамандары Мәшқұр Жүсіп өз заманынан озып туған тұлға екенін айтып, қазіргі кезде оның толғанып қозғаған мәселелерін зерттеп жатқанымызды айтып кетті. Іс-шара тек танымдық мәнге ие емес, сонымен қатар, балалар ақынның жеке басына, қазақ мәдениетіне деген құрметін тәрбиеу еді.