Наурыз айының басындағы «Өлкетану жаршысы» осыдан 85 жыл бұрын Қоңырат кенінің байыту фабрикасына алғашқы жеткізілу тарихына арналады. 1938 жылдың наурыз айының басында ЭМ-4880 паровозы алғашқы Қоңырат кенін Балқаш байыту фарикасына жеткізді. Айта кету керек, Балқаш байыту фабрикасы индустрияландыру жылдары тек советтік мамандардың жобалауымен салынып, тек советтік жабдықтармен жабдықталған алғашқы ірі өндіріс орындарының еді. Паровоздың машинистері П.А. Порошин, И.С. Балацкий, И.А. Дюжев, А.И. Ткаченко болса, поезд құрамын жасақтаушы Балқаш байыту фабрикасының құрылысына Макеевка металлургиялық заводынан келген А.Н. Лебедев болды. Уақыт өте келе еңбек ету ресурсы сарқылған ЭМ-4880 паровозы «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС өндіріс алаңында Балқаштық алғашқы құрылысшылардың ерен еңбегін еске салатын ескерткіш ретінде арнайы тұғырдан орын алды.