Іс шара барысында бауырсақ пісіруден шеберлік сағаты өтті. Бауырсақ атауы «бауырласу, бауыр» деген сөздерден шыққан, «бірігуге, туысқандық немесе ағайынға ұмтылу» дегенді білдіреді. Этномәдени орталықтары өкілдеріне қазақтың дәстүрлі тағамдары мен ыстық бауырсағы бар дастархан жайылды. Музей қорынан көрме ұйымдастырылып, оған әр түрлі ұлттардың тұрмыстық заттары қойылды. Келген қонақтарға қазақтың сарқыт дәстүрі бойынша арнайы музей логотипі бар құрт-бауырсақтар салынған дорбалар таратылды.