Міне,2022 жылда аяқталып, музей экспедицияларының соңғы кезеңі - есеп беру сәтіде келді. Қабылданған заттар қораптарға салынып, қажетті құжаттар (қабылдау актілері) толтырылып, естеліктер жазылып, жаңа байланыстар орнатылды. Жұмыс 2 бағытта жүргізілді: Балқаш өңірінің тарихына қатысты ауызша дәстүр мен аңыз-әңгімелерді анықтау және жинақтау, сондай-ақ қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінің заттарын іздеу болды.Экспедиция қатысушыларының маршрутында: 240-тан астам шақырым жол, 5 елді мекен – Қоңырат, Озерный, Орта-Дересін, Жұмысшылар қонысы, сондай-ақ Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы қоныстарды аралау болды. Көптеген естеліктер мен хабарламалар жазылды. 50-ден астам дана заттар жиналды, оның ішінде музейлік маңызы бар заттар анықталуда.