Қалалық музейде жаңа жыл қарсаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс шара барысында мектеп оқушылары Жаңа жыл мерекесін тойлаудың дәстүрлерімен танысып, шыршаны безендірді. 30 минут ішінде жаңа жылдық сапарға қатысқан көңілді сайқымазақ Алдарбекпен ойындар ойнап, тышқан Зеребек, Ақшақарлардың қатысуымен мерекелік атмосфераны сезінуге мүмкіндік алды. Іс-шара керемет әсерлер мен жағымды эмоцияларға толы болды.