Қалалық музейде Қазақстанның халық артісі, күйші-композитор Мағауия Хамзиннің туғанына 95 жыл толуына орай "Шертпе күйдің шебері" көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалау барысында мектеп оқушылары музыканттың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректер білді, оның ішінде, сазгер Огинский, Брамс, Моцарт, Рахманинов, Чайковскийдің шығармаларын домбыра өнеріне көшіру шеберлігін жетілдіргені туралы баса айтылды. Көрмеде ұсынылған материалдар – фотосуреттер, БАҚ жарияланымдары, құрмет грамоталары және басқа да материалдар М. Хамзиннің қазақ мәдениетінің алтын қорына қосқан үлесін мойындауға мүмкіндік береді.