ҚР Үкіметінің арнаулы қаулысы бойынша қабылданған «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша Қазақстанда экономикалық құрылымы біржақты – бір ғана шешуші эконмикалық салаға бағындырыла отырып дамушы 27 моноқалалар бар. Бұл бағдарлама бойынша Үкімет белгіленен уақыт ішінде моноқалаларда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландырып, қала халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыруды негізінен шағын және орта бизнесті дамыту есебінен шешуге тиіс болатын. Қала құрушы негізгі кәсіпорны - әлемдегі ірі түсті металл өндіріс ошақтарының қатарындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Балқаштүстіметал» филиалының қала экономикалық құрылымындағы үлесі 88,8% болса, шағын және орта бизнес құрылымдары тек 9,1 % құрайтын Балқаш қаласы үшін қала экономикасын әртараптандырып, оны моноқала статусынан айыру мақсатындағы жұмыстардың маңызы зор.