Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай А. Ермекова атындағы мектеп-лицейінің оқушылары үшін "Тәуелсіздік баспалдақтары" тақырыбында дәріс сабағы ұйымдастырылды. Дәріс барысында 1986 жылы халықтың егемендікке деген ұмтылысының бастауы болған оқиғаларға тоқталып, Қазақстан Тәуелсіздікке алғашқы қадамын ресми жарияланғанға дейін бір жыл бұрын жасағанын атап өтті. Сондай-ақ, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғаны және Одақтық республикалардың тәуелсіздік алу саясатын жүргізе бастағаны туралы айтылды.