Қалалық музейде "Алаш" қозғалысының 105 жылдығына арналған "Алаш және Тәуелсіздік мұрасы" атты көрмесі ұйымдастырылды. Музей көрермендері көрме материалдарымен танысып, ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалаған Алаш қозғаласының тарихымен танысты. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ халқының өзін-өзі басқаруын орнату және дербес мемлекет құру болды. Қозғалыстың белсенді қатысушылары Кеңес өкіметінің «ұлтшылдары» мен «халық жауларына» қарсы күресі барысында 1920-1930 жылдардың аяғында қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақ халқының көрнекті және білімді қайраткерлерінің тұтас шоғыры жойылды. «Алаш және Тәуелсіздік мұрасы» көрмесінде Алаш қозғалысы өкілдерінің өмірі мен еңбектері туралы жазылған кітаптар, құжаттар көшірмелері, анықтамалық жинақтар және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Көрмесінің мақсаты – қазақ халқының егемендігіне арналған «Алаш» идеяларының маңыздылығын, «Алаш» қайраткерлерінің, олардың мұрагерлерінің рөлін тәуелсіз Қазақстан тұрғысынан ашу.