1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру ел тарихындағы үшінші, ал тәуелсіз Қазақстандағы бірінші астананы ауыстыру болып табылады. Алдыңғы екі астана ауыстыру Қазақстанның еркінен тыс шешілсе, бұл шешімді Қазақстанның өзі қабылдады. Қазақстан посткеңестік елдер арасындағы ел астанасын ауыстырған жалғыз ел. Бұл оқиға еліміздегі аймақтық демографиялық жағдайдың күрт өзгеруіне әсер етті.