Қалалық музейде музыка мен дыбыстық аппаратураға арналған "Музыка және уақыт" көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде граммофондар, патефондар, электрофондар және кеңестік кезеңдегі музыкалық аспаптар орналастырылды. Ішінде грампластинкаларда бар, винилды пластинкаларды құнды заттардың тізіміне кіргізуге болады. Олар ұмытылған әйгілі топтар мен орындаушылардың дауыстарын сақтап қалған музыкалық жабдықтардың бірі болып есептеледі. Әрине, әншілердің альбомдарын интернеттен жүктеу қиын емес, дегенмен, нағыз музыка әуесқойлары үшін таптырмайтын құндылық, олар бүндай заттарды тек музейлерден ғана кездестіре алады..⁣⁣