2007 жылы 13 желтоқсанда қаламыздағы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелерімен толықтай қамтамасыз ету жоспарына сәйкес 230 бүлдіршінге арналған «Ақбота» балабақшасы алғашқы бүлдіршіндерді қабылдады. Жаңадан бой көтерген балабақша ғимаратының оқу және демалу бөлмелері жаңа заман талабына сай керекті оқу-демалу жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етіліп, кішкентай бүлдіршіндердің жас деңгейлеріне сай мектепке дейінгі білім мен тәрбие алуларына барлық қажетті жағдайлар жасалған.⁣⁣