30 желтоқсанда күні музейде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" Халықаралық науқаны аясындағы «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы бойынша жоспарланған шаралардың тізіміне сәйкес 1-желтоқсан халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналып, «ЖИТС-ке жол жоқ!» тақырыбында мектеп оқушыларының өкілдерімен кездесуі болып өтті. Шараға қатысқан оқушылар бүгінгі күнде адамзаттық маңызы бор зор қатерлердің қатарында саналып отырған бұл індеттің пайда болу тарихы мен оның алдын алу, Қазақстан мен қаламыздағы таралу деңгейі және оның зардаптарымен күресудің жолдары жайлы пайдалы да қызықты мәліметтерімен бөлісіп, осы бір адамдардың моральдық тұрғыдан жауапсыз болуы себепті пайда болатын індеттің қаламызда таралуына жол бермеу жайындағы ойларын ортаға салды.