Балқаш қаласының 85 жылдығына және Қоңырат кенінен тұңғыш мыс алынған күнге арнайы өткізілген «Балқаш мысы – ел ырысы» лекциясына әль-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, осыдан 84 жыл бұрын, 1938 жылы, 24 қарашада Қоңырат кенінен алғашқы мыс алу күніне дейінгі Балқаш мыс заводы құрылысының тарихы жайлы мәліметтер алды. Оқушылар сонымен бірге қаланың 85-жылдығына арнайы жасалған көрмеге осы оқиғаға байланысты қойылған деректермен де танысты.