Қалалық музейде Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР-інің Еңбек сіңірген құрылысшысы Марфа Филипповна Қасаеваның туғанына 105 жыл толуына арналған көрме ұйымдастырылды. Касаева Марфа Филипповна - 33 жыл "Прибалхашстрой" трестінде қызмет еткен. Әйелдердің ішінен шыққан бригадирлердің біріншісі болды, жүздеген тұрғын үйлердің, көптеген мәдени – тұрмыстық мекемелердің және Балқаштың басқа да нысандарының құрылысына қатысты. Көрмеге құрылысшының еңбек жолын бейнелейтін әр жылдардағы фотосуреттер орналастырылды – олар М.Ф.Касаеваның Социалистік Еңбек Ері атағын алған туралы куәлік, "Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы" атағын дәйектейтін куәлік (1964 ж.), "Коммунистік еңбек екпіні" (1966 ж.) куәлігі, депутат болып сайланғаны туралы куәлік (1950 ж.), сонымен қатар, құттықтаулар, газет басылымдары және т. б. материалдар көруге болады.