«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен өткізілген «Балқаш көлінің ихтиофаунасы» лекциясында Балқаш көлінің адам мүддесіне орай игерілуінің оның айдынында мекен ететін балықтар құрамының түпкілікті өзгеруіне әсері жайлы қысқаша мәліметтер беріледі. Лектордың Кеңес өкіметі жылдарында Балқаш көлінің айдынына сырттан кейбір, оның ішінде көксерке сияқты жыртқыш балықтардың жерсіндірілінуі көлдің жергілікті Балқаш шармайы мен алабұғасы және басқа да түрлерінің толық жойылып кетуіне әкеліп соғуы жайлы мәліметтері оқушылардың табиғат пен адамның арақатынасында тепе-теңдіктің сақталуы жайлы пікірталасын туғызды.