16 қараша күнінне жоспарланған «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» лекциясы , қаламыз экономикасының әлеуетті секторларының біріне айналып келе жатқан шағын бизнес өкілі Ваган Карапетянның үстіміздегі жылы ашқан «Южный» азық-түлік дүкенінде Балқаш медициналық колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілді. Шағын кәсіп иесі Ваган Крапетян студенттермен болған кәсіпкерлік жолына түсу жайлы қызықты әңгіме барысында өз дүкенін қаламыздың бос жатқан оңтүстік шекарасы, кезінде Бертыс өлкесін алғашқы өндірістік игеру басталған кезде болашақ Балқаш қаласының салынуға тиісті орны ретінде таңдалып алынған Қарамұрын шоқысының етегіндегі Ескі алаңның шегіне салынуы өз отбасылық тарихындағы қызықты оқиғамен байланысты екенін де айтып берді. Кезінде Ваганның нағашы атасы, Ленин орденді металлург, 1938 жылы, 24 қарашада тұңғыш Балқаш мыс балқымасын алған бригада мүшесі Азамбай Тлеуғабыловтың алғашқы құрылысшы ретіндегі алғашқы еңбек жолы да осы Қарамұрын шоқысында салынған тәжірибе заводында басталған еді.