Қалалық музейде 11 қарашадан бастап Ұлттық валюта - теңге күніне орай «Ұлттық тенге – Қазақстанның нышаны» атты көрме ұйымдастырылды. Тәуелсіздік алған еліміздің, дербес ел болғандығымыздың бір белгісі – ұлттық валютамыз. Көрмеге әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі болып табылатын теңге тарихына үңіліп, 1993 жылы алғаш жарық көріп, банкнот және монета түрінде айналымға енгізілген, еліміздің біртуар ұлдары мен ұлылары бейнеленген, 1993 жылдан 2022 жылдар аралығында еліміздегі атаулы уақиғалар мен мерейтойларына орай шығарылған, мерейтойлық монеталар, алғашқы теңге үлгілері және ұлттық валюта тарихында болған өзгерістер жайлы ақпараттарға толы деректер қойылды. Сонымен қатар, экскурсоводтар қазақ жерінде ақшаның пайда болу тарихы ортағасырлық дәуірге жататынын айтып, балалар дәстүрлі ақша пайда болғанға дейін адамдардың немен алмасқанын көрді.. Дәл осы "таньга" немесе "денге" қазіргі қазақстандық теңгенің атауы болды. Көрме материалдары бойынша экскурсия аяғында викторина ұсынылып, оқушыларға ұлттық валюта туралы білімдерін көрсетуге мүмкіндік берілді.