Қалалық музейде Қоңырат мыс кен орнын ашқан көрнекті ғалым, геолог М.П. Русаковтың 130 жылдығының аясында өмірі мен қызметіне арналған "Қала тарихындағы геолог М. Русаковтың тағдыры" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрме материалдары негізінде "Зияткер" мектебінің оқушыларына геологтың өмірі мен еңбек жолы туралы көптеген қызықты деректер айтылды. Ғалымның мыс алыбын зерттеп, қосқан үлесі біздің қаламыздың пайда болып, қазіргі өркендеуінде даусыз. Шынында да, кен орнында болған барлық ғалымдардың ішінде ол мыс қорының ауданы мен көлемін дәл есептеген жалғыз адам еді. М.Русаков егер жыл сайын 175 мың тонна мыс өндірілсе, онда кен орнындағы қор Кеңес Одағы мемлекеттерін 50-60 жылға дейін қамтамасыз етуге жеткілікті болады деп есептеген. Бұл факт өнеркәсіптің, зауыттың іске қосылуына және кейінірек қаланың ашылуына ықпал болды.